Русский Сайттың толық нұсқасы

Мақсат Үсенов 2017 жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылды

  • AstanaTV
  • 04 ақпан 2014
  • 916

BМV Х 6 көлігімен алты адамды қағып, бір адамды ажал құштырған Мақсат Үсенов 2017 жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылды. Әрі 45 күнді тағы қамауда өткізеді. Бүгін Алматы қалалық соты осындай шешім шығарды.

Айта кетейік, алғашында әкімшілік сот оған 250 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салған. Алайда қалалық прокуратура бұған қарсылық білдірді. Соның негізінде қайта жанданған іс кеше қаралуы керек еді. Бірақ Мақсат Үсенов ауруханада жатқандықтан, бүгінге қалды.

Еске салайық, қымбат көліктің тізгінінде болған 24 жастағы Үсенов өткен жылдың 2 желтоқсанында жаяу жүргіншілер өтетін жолда тұрған алты адамды соқты. Біреуі апат орнында көз жұмды. Оқиға орнынан ізін суытпақ болған Мақсат Үсенов қамауға алынды. Бірақ тараптардың татуласуына орай қылмыстық іс тоқтатылып, ол қамаудан босады. Дегенмен, мерт болған Марат Қарабалиннің анасы БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында «қылмыстық істің тоқтатылуына ешқандай қатысым жоқ, Мақсат Үсеновты кешірмеймін» деген болатын.

Қанат Молдашев, Алматы қалалық сотының судьясы:

Екінші тарап бітімгершілікке келе ме, келмей ме? Ол өздерінің құзыреті. Жаңағы Қарабалиннің отбасы шешеді оны. Егер келмеген жағдайда, олардың қадағалау органдары, яғни прокуратураға шағымдануға құқығы бар. Шыққан қаулыға қарсылықтарын білдіріп, шағым түсіруге құқығы бар.

Досжан МАРАТҰЛЫ