Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда арақ-шарап бағасы 2 есеге қымбаттатылды

  • AstanaTV
  • 05 ақпан 2014
  • 1658

Арақ-шарап қымбаттайды. Қазақстанда алкогольдік өнімнің ең төменгі бағасы екі есеге қымбаттатылды.

Мәселен, жаңа құжатқа сәйкес, спирттік ішімдіктің бір литрінің бағасы 1120 теңге болмақ. Ал бұл сома 2015 жылы - 1300, 2016 жылы 1600 теңгеге дейін көтерілмек.

Ал алкогольдік өнімдерді сату лицензиясының құны - 500-ден 3000 айлық есептік көрсеткішке дейін көтерілмек. Бұл туралы еліміздің Қаржы вице-министрі Ардақ Теңгебаев мәлімдеді.

Жұрағат БАМАН