Русский Сайттың толық нұсқасы

Ірі қараға электронды төлқұжат берілмек

  • AstanaTV
  • 06 ақпан 2014
  • 1436

Енді кез келген ірі қараның туған кезі, сойылған сәті мен біреуге сатылғанын онлайн-режимінде көруге болады. Бір сөзбен айтқанда, малдың жеке электронды құжаты ашылады.

Бұл жүйе күллі елге қолжетімді болмақ. Тек қолда ғаламтор болса болғаны. Сол себепті, Ауылшаруашылығы министрлігі шалғай елді мекендердегі шаруашылықтарға да ғаламтор жүйесін енгізбек. Ал Ауылшаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мұның ең алдымен ауыл-аймақтағы мал дәрігерлеріне қажет екенін айтады.

Сондықтан, әр облыс әкімі өз аймағындағы мал-дәрігерлік бөлімшелерге ғаламтор орнатуға міндеттелмек. Жүйеге қатысты ендігі жалғыз проблема - жануарға қатысты ақпаратты уақытылы жаңартып отыру.

Асылжан Мамытбеков, ҚР Ауылшаруашылығы министрі:

Шекарадағы шекарашылар, жолдағы МАИ қызметкерлеріне, ветеринарларға, базарларда, сойыс пунктінде тұрған ветеринарларға интернет арқылы кіріп осы малдың қай жерде туып өскені, қай жерде сойылғаны, оның егесі кім екені, қашан қай дәрімен егілгені, бәрі көрініп тұрады.

Әлия ӘШІМ