Русский Сайттың толық нұсқасы

Өскеменде жалған ақша жасаушылардан 1 млн тәркіленді

  • AstanaTV
  • 06 ақпан 2014
  • 1016

Өскеменде жалған ақша жасап келген күдікті қолға түсті. Оны құрықтау барысында полицейлерге дүкен сатушысы көмек көрсеткен. Күдікті дүкеннен 5 мың теңгеге сауда жасаған. Сатушы ақшаның жалған екенін байқап, қаржы полициясына хабарлайды. Құқық қорғаушылар күдіктінің ізіне түсіп, оны қолға түсірген. Көлігін тексеру барысында тағы да жүз дана жалған бес мың теңгелік тәркіленді. Қазір оның Алматы қаласының тұрғыны екені анықталды.

Құқық қорғаушылар жалған ақша да сонда жасалуы мүмкін деп отыр. Себебі, жуырда ғана Алматыда жалған банкнота шығаратын цех әшкереленіп, қылмыстық топ қолға түскен. Мамандар мұндай ақшаның айналымға қанша данасы еніп үлгергенін анықтауда. Күдіктінің қылмысы толығымен дәлелденсе, мүлкі тәркіленіп, он бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ләйла Ысқақова, ШҚО ЭСЖҚҚД баспасөз хатшысы
:

Қазіргі уақытта азамат Маженкинге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 206-бабының 2-ші тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Соттың санкциясымен ол қамауға
алынды. Қазір тергеу абақтысында отыр.

Қанат ОРАЛБЕК