Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайдағы «Есірткі мафиясына» қатысты тағы күдіктілер анықталды

  • AstanaTV
  • 06 ақпан 2014
  • 1103

Қостанайдағы «Есірткі мафиясына» қатысты қылмыстық іс жалғасын табуы мүмкін. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің бастығы Дәулет Айтжанов мәлімдеді. Айтуынша, ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысы бар тағы 6 күдікті анықталған.

Естеріңізге салайық, аты шулы қылмыстық іс бойынша он алты адамға айып тағылған. Оның алтауы есірткі саудасымен айналысқан әйелдер. Өзгесі ішкі істер бөлімінің бұрынғы қызметкерлері. Сот үкімімен ұйымдасқан топты басқарған екі әйел 20 жылға, басқалары әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айрылды. Ал қылмысты құрықтаудың орнына, көмек көрсеткен экс-полицейлер 4 жылдан 16 жылға дейін сотталды. Өткен жылы тамызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті 31 тәртіп сақшысы мен 7 белгісіз тұлғаға қатысты материалды қаржы полицейлеріне жолдаған. Күдіктілердің үстінен қылмыстық іс те қозғалды. Бірақ қазір бұл іс тоқтап тұр. Өйткені дәлел - фактілері негізгі қылмыстық іске бекітілген.


Дәулет Айтжанов, Қостанай облысы бойынша ЭСЖҚК департаменті бастығы:


Куәгерлердің айғағы бойынша бізде бес - алты күдікті бар. Қазір олардың қай жерде жүргенін анықтап жатырмыз.


Заңғар САНАЙ