Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте көгілдір отынсыз қалған екі мың отбасының мәселесі шешілді

  • AstanaTV
  • 06 ақпан 2014
  • 1396

Шымкентте көгілдір отынсыз қалған екі мың отбасының мәселесі түгелдей шешілді. Дегенмен табиғи отынның қысымы әлі де төмен. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Бейсенбек Жанбосынов хабарлады.

Айтуынша, Өзбекстан тарапынан беріліп жатқан көгілдір отынның мөлшері біршама артып келеді. Тап қазір сағатына 130 мың текше метр газ келіп жатыр. «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының арқасында Оңтүстік өңірлерге берілетін отын көлемі де сағатына 100 мың текше метрге жетіпті.

Айта кетейік, Өзбекстан газдың мөлшерін шектегендіктен қазір Шымкенттегі отызға тарта мекемеге көгілдір отын беру қиындық тудыруда. Олардың қатарында жылу орталығы да бар. 

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ