Русский Сайттың толық нұсқасы

«Нұр Отан» партиясының Алматыдағы филиалында саяси кеңестің кеңейтілген отырысы өтті

  • AstanaTV
  • 06 ақпан 2014
  • 1130

«Қазақстан жолы- 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы жер-жерде талқыланып жатыр. Бүгін «Нұр Отан» партиясының Алматыдағы филиалында құжатта белгіленген басты міндеттерді жүзеге асыру бойынша саяси кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Мәжіліс жұмысына барлық деңгейдегі әкімдер, мәслихат хатшылары, депутаттар, кәсіпорын басшылары мен бизнес өкілдері, этномәдени бірлестіктер мен әлеуметтік сала басшылары қатысты.

Бұл құжат «Қазақстан-2050» стратегиясын іске асырудың, негізгі жолдарын нақтылап берді. Ел экономикасын дамыту 10 бағыт бойынша іске асырылады. Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру үшін әлеуметтік-экономикалық жаңғыртуды қолға алу басты міндеттердің бірі болып бекітілді. Бұл халық үшін аса маңызды, көптің көкейінде жүрген мәселе. Сондай-ақ Елбасы адами капиталды дамытуға ерекше тоқталып, бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін қалыптастыруды тапсырды. Бұл тікелей Алматы қаласына да қатысты дейді атқамінерлер. 


Кенжехан Матыжанов, «Нұр Отан» партиясы АҚФ төрағасының бірінші орынбасары:


Тек жоспарлап қана қоймай, сөзбен айтып қана қоймай, соны нақты жүзеге асырудың тетіктерін белгілеу. Осы төңіректе әңгіме болды. Осы жерде айтылған ұсыныстар жинақталып, Алматыдағы кәсіпкерлерге, кәсіпорындарға түсіндірілетін болады.


Досжан МАРАТҰЛЫ