Боливияда су тасқынынан 44 адам опат болды. Төртеуі
із-түссіз жоғалған. Бұл туралы ел билігі хабарлайды.
Табиғи апаттан 24 мың отбасы жапа шекті. 700 үй-жай мен 8
мың гектар аумақты тасқын су шайып кетті. Сейсенбі күні билік елде төтенше
жағдай жариялады. Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін, үкімет үш жарым
миллион доллар бөлген. Өңірде жұқпалы індет шығу қаупі бар. Сондықтан,
министрліктер мен азаматтық қорғаныс өкілдеріне ескерту жасалып, қосымша
тазалық шаралары да қолға алынуда.
Ал, Ұлыбританияда бірнеше күннен бері дүлей дауылдың
әсерінен толқындар көтеріліп, темір жолдарды шайып кетті. Елдің оңтүстігінде
мыңдаған үй жарықсыз қалды. Толассыз жаңбырдан өзендер арнасынан асып жатыр.
Мұнда үкімет апат салдарын жоюға 30 миллион фунт стерлинг бөлді. Синоптиктер
нөсер жауын ел астанасы Лондонға жетуі мүмкін деп отыр.
Мөлдір ДҮЙСЕКИНА