Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірлігі
- екі алпауыт мемлекет бірігіп, ірі қару-жарақ сатылымын жүзеге асырмақ. Құны 2 миллиард доллар тұратын келісім Мысыр мен Ресей
Федерациясы арасында жасалған. Бұл туралы Мысырдың «Аль-Масри аль-Яум» басылымына сілтеме
жасап, «Интерфакс-Қазақстан» агенттігі хабарлайды.
Баспасөз «қару-жарақ тасымалы мен оның
ақысын төлеу екі кезеңде іске асатынын» жазды. Бірінші кезең, жоспар бойынша
2014-жылдың ортасына дейін іске асуы тиіс. Бұған дейін Мысыр Ресей Федерациясынан
әуе шабуылына қарсы қорғаныс, әскери тікұшақтар, Миг-29 жойғыштары және танкілер
кешенін сатып алмақшы болған.
Мысырдың экс-президенті Мохаммед
Мурсиді тақтан тайдырған әскерилердің қару-жарақ сатып алу туралы бастамасын
Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірлігі толық қолдады. Ал Парсы бұғазындағы
өзге мемлекеттер Мысыр мемлекетінің жаңа билігіне 12 миллиард бөлген, - деп
жазды мысырлық газет.
Сымбат МОЛДАТАЙ