Русский Сайттың толық нұсқасы

Сауд Арабиясы мен БАӘ Мысырды қару саласында қаржыландырмақ

  • AstanaTV
  • 11 ақпан 2014
  • 1557

Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірлігі - екі алпауыт мемлекет бірігіп, ірі қару-жарақ сатылымын жүзеге асырмақ. Құны 2 миллиард доллар тұратын келісім Мысыр мен Ресей Федерациясы арасында жасалған. Бұл туралы Мысырдың «Аль-Масри аль-Яум» басылымына сілтеме жасап, «Интерфакс-Қазақстан» агенттігі хабарлайды.

Баспасөз «қару-жарақ тасымалы мен оның ақысын төлеу екі кезеңде іске асатынын» жазды. Бірінші кезең, жоспар бойынша 2014-жылдың ортасына дейін іске асуы тиіс. Бұған дейін Мысыр Ресей Федерациясынан әуе шабуылына қарсы қорғаныс, әскери тікұшақтар, Миг-29 жойғыштары және танкілер кешенін сатып алмақшы болған.

Мысырдың экс-президенті Мохаммед Мурсиді тақтан тайдырған әскерилердің қару-жарақ сатып алу туралы бастамасын Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірлігі толық қолдады. Ал Парсы бұғазындағы өзге мемлекеттер Мысыр мемлекетінің жаңа билігіне 12 миллиард бөлген, - деп жазды мысырлық газет.

Сымбат МОЛДАТАЙ