Русский Сайттың толық нұсқасы

ҚР Қорғаныс вице-министрі Бағдат Майкеев ірі көлемде пара алған жерінде құрықталды

  • AstanaTV
  • 11 ақпан 2014
  • 1229

ҚР Қорғаныс вице-министрі Бағдат Майкеев ірі көлемде пара алу үстінде қолға түсті. Әзірге пара құны белгісіз. Бұл туралы "Қазтаг" агенттігі Бас прокуратурадағы дерекшіге сілтеме жасай хабарлады.

Осы ақпаратқа сүйенсек, генерал-майор Бағдат Майкеев жексенбі күні ұсталған. Дерекшінің хабарлауынша, ол құқық қорғау органдары үшін әлдеқашан сезікті болған. Вице-министрдің ұсталғанын ақпарат агенттігіне Қорғаныс министрлігінің өкілі де растап отыр.

Бағдат Әбдіқадырұлы Майкеев 2011 жылдан бері Қорғаныс вице-министрі қызметін атқарды. Бұған дейін ол Қазақстан Республикасы Қарулы Күштер материалдық-техникалық қамтамасыз ету Бас басқармасының басшысы, Қорғаныс министрлігі Алқасының хатшысы, аппарат басшысы қызметтерін атқарған.

Сымбат МОЛДАТАЙ