Алаяқтықпен 30-дан астам азаматты сан соқтырған ақтөбелік құрықталды. Қаржы полицейлерінің таратқан ақпаратына сай, Эльмира
Баязова жер телімдерін кезектен тыс әперем деп алдына келген адамға уәде еткен.
Бұл көмегінің ақысыз болмайтындығын айтып, ақша талап етеді. Істі тергеу
барысында анықталғаны, күдікті 2012-2013 жылдар аралығында 45 млн теңге
шамасында қаражат иемденген.
Сонымен қатар мемлекет қорындағы жалдамалы
пәтерлердің де кілтін тез арада алып бере алатын мүмкіндігі бар екенін айтқан.
Тәртіп сақшылары аталған азаматшаға қатысты лауазымды тұлғаға пара беруге
азғыру дерегі бойынша да бірнеше қылмыстық іс қозғаған.
Әзірге күдікті
кепілдікке қыруар қаражат қалдырып, бостандықта жүр. Енді іс сотқа жөнелтілмек.
Басқа да ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайтынын айтты. Тағы бір белгілі
жайт полицейлер Эльмира Баязованың сыбайластарын анықтау үстінде.
Батырхан Таубаев, Ақтөбе облысы
бойынша ЭҚСЖҚК департаментінің бөлім бастығы:
Жалған құжаттардың көшірмелерін жаңағы арызданушыларға көрсетеді. Осындай
жерге выписка, қаулыдан көшірмесіне фамилиясын кіргізіп, сол жәбірленушінің
өзіне ұсынады. Сол себепті жәбірленуші осы уақытқа дейін алданып жүрді. Қазіргі
таңда 32 жәбірленуші бар бұл іс бойынша.
Мансұр ЕСҚОЖИН