Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарлық кәсіпкер шаһар басшысы мен облыс әкімінің орынбасарын сотқа берді

  • AstanaTV
  • 11 ақпан 2014
  • 897

Жерін даулаған Павлодарлық кәсіпкер шаһар басшысы мен облыс әкімінің орынбасарын сотқа берді. Надежда Стрюк тоғыз жыл бұрын жекешелендіріп алған жер телімін атқарушы билік заңсыз тартып алғалы отыр дейді. Жылдарға созылған дау-дамайдан мезі болған әйел лауазымды тұлғалардан 50 млн теңге өндіріп алмақшы.

Жер дауы алғаш рет 2005 жылы шыққан. Қаланың қақ ортасында тұрған кәсіпкердің сауда үйі бір күнде тартыстың тақырыбына айналды. Жергілікті әкімдік Бектұров көшесіндегі 20- үйде орналасқан ғимараттың тұрған жерін мақсатсыз жұмсалды деген желеумен, өзгенің иелігіне берген. Облыстық соттың кеңсесі құзырына 1800 шаршы метр өтеді. Осы аумаққа көрші Надежда Стрюктің дүкені тұр. Ісі оңға басқан кәсіпкер сауда орталығын кеңейтіп, қосымша ғимарат салуды қолға алады. Екі жыл бұрын басына түскен проблемасын айтып, кәсіпкер облыс басшысына ашық хат жолдайды. Бірден комиссия құрылған. "Бірақ оған төрағалық еткен лауазымды тұлға қала әкімінің бұрынғы қаулысына сүйеніп, істі жылы жауып қойды",- дейді шағымданушылар.


Ирина Лебедева, арызданушы тараптың өкілі:


Қала әкімі мен Павлодар облысы әкімінің орынбасарына бір талап қойып отырмыз. Мұндай сома 9 жылғы жүгіріс пен дау-дамайдан кейін шықты. Біздің ойымызша, бұл үлкен сома емес. Біздің соттардың позициясын ескерсек, ақырында тағайындалатын сома тиын-тебен болып қалады.


Арызданушы тараптың соңғы талабын Павлодар қалалық №1 соты қарады. Соттың шешімі кәсіпкердің пайдасына шешілген жоқ. Ғимараттың тұрған жері Надежда Стрюкке тиесілі болғанымен, салынған нысанның өзгенің иелігінде тұрғаны анықталды. "Әу-бастан бұл мәселе шекараның нақтыланбағандығынан туындаған",- дейді әкімдіктегілер. Сондықтан дүкеннің заңсыз бөлігі бұзылуы тиіс.


Айнаш Желдібаева, Павлодар қаласы әкімі аппаратының бөлім жетекшісі:


Сот шешімі облыстық соттың канцеляриясының пайдасына шығарылды. Онда былай айтылған: облыстық соттың канцеляриясына тиесілі жер телімінде салынған құрылысты сүріп тастау арқылы, аумақты босату керек.


Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ