Русский Сайттың толық нұсқасы

Иран Еуроодақ санкцияларына қарсы шықты

  • AstanaTV
  • 12 ақпан 2014
  • 1012

Иран Ислам республикасының сыртқы істер министрлігі Тегерандағы Швейцария елшісіне қарсы наразылығын білдірді. Елші Джулио Хаас Иранға қарсы қолданған АҚШ санкциясын қолдаған.

Сыртқы істер министрлігі елшіге өткен жылдың 24-қарашасында қабылданған Женева келісімін бұзды деген айып тақты. Және Америка билігінің бұл әрекеті бірігіп атқарып жатқан істерге қайшы екенін мәлімдеді.

Еске салайық, бұған дейін Америка Құрама Штаттарының Қаржы министрлігі кезекті санкциясын енгізген болатын. Вашингтонның ойынша, кейбір компаниялар мен жеке адамдар Ирандағы ядролық бағдарламаны қолдайды. Бұл компаниялар Ауғаныстан, Түркия, Испания, Германия, Грузия, Біріккен Араб Әмірлігі, сондай-ақ, Лихтенштейн және Иран мемлекеттерінде орналасуы мүмкін. Женева келісімі бойынша, Америка Құрама Штаттары Иранның ядролық бағдарламасына байланысты енді ешбір санкция жарияламай керек еді.

Сымбат МОЛДАТАЙ