Русский Сайттың толық нұсқасы

Иран заманауи екі баллистикалық ракетасын сәтті сынады

  • AstanaTV
  • 12 ақпан 2014
  • 949

Иран заманауи екі баллистикалық ракетасын сәтті сынады. Бұл туралы елдегі қорғаныс ведомствосының басшысы Хосейн Дехган хабарлады.

Басшы сөзіне сенсек, снарядтардың бірі алынбалы бас бөлшегінен тұрса, екінші құрылғы ішінде лазер жарығы арқылы нысанға дәлдеу функциясы болған. Дегенмен, екі снарядта радарға түспейді. Құрылғылардың бірін тура жерден жөнелткен іспетті ауадан да ұшыруға болады.

Хосейн Деганның ақпаратынша, қазір Иран арсеналында тағы бір «ЖЕР» класындағы ракета бар. Олардың радиус кеңістігі 2000 шақырымға дейін барады. Демек, аппарат Израиль мен кей америкалық әскер базаларына дейін жетуге қауқарлы. Дәл осы факт Вашингтон мен Тель-Авивтің ашуына тиіп отыр.

Айта кетейік, жуық арада Иран Ислам елі мен алтылықтың ядролық мәселесі бойынша кезекті басқосуы өтеді.

Әлия ӘШІМ