Қытайда қалың қар жауып, салдарынан
Хубей провинциясында тіршілік тоқтап тұр. Бірнеше тәулік бойы жүзге жуық тұрғын
үй жарықсыз, ауыз сусыз күн кешуге мәжбүр. Өйткені,
тұрғын үйлердегі су ағатын шүмектер істен шыққан.
Қатты аяз салдарынан құбырлар да қатып
қалғаны белгілі болды. Ал амалы таусылған
халық суды таудағы бұлақтан тасып ішіп отыр. Сондықтан, дәл қазір осы қайнар
бұлақ 500- ге жуық отбасының өмірін құтқарып қалды. Ауа-райының қолайсыздығы
бұл ауданның экономикасына да қол сұқты. Енді тұрғындар тек бір рет егін орсақ
жақсы деп отыр, өйткені, бітік шыққан астық түгел үсіп кетті.
Ал Аустралия мемлекетінде ормандар қызыл жалынға оранып
жатыр. Өрт құрғақ жел салдарынан шыққан. Мельбурн әуежайы кешелі бері қызметін
толық тоқтатты. Төтенше жағдайға орай, 280 гектар орман жанып кетті, ондаған үй
күл-талқаны шығып қирады. Бір ғана Виктория штатында 150 жерден өрт шықты, оның
19-ын сөндіру мүмкін болмады. Табиғатымен танымал ормандардың бүгінгі бейнесі
осылайша күрт өзгеріп кетті. Экономикалық шығын әлі есептелген жоқ, бірақ оның
залалы шаш етектен екені анық.
Сымбат МОЛДАТАЙ