Русский Сайттың толық нұсқасы

«Пәтер дауына» қатысты сот үкімі шықты

  • AstanaTV
  • 12 ақпан 2014
  • 1974

Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев пәтерінен айырылды. Бапкері, әрі нағашы ағасына сыйға берген үш бөлмелі баспана сот шешімімен қазіргі қожайынның меншігінде қалды. Енді пәтерге кіріп алған Бақыт Сәрсекбаев пәтерді босатуы тиіс.

Ардақ Балағұмарова, Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының судьясы:

Сәрсекбаев Бақыт Әбдірахманұлы мен пәтердегі өзге де адамдар Астана қаласы Шевченко көшесінде орналасқан үйден шығарылып, пәтер Сағынбаев мырзаға берілсін. Сәрсекбаев пен Кәрім Махмұтов мырза арасында жасалған сыйлыққа беру жөніндегі келісім-шарт жарамды деп табылсын. Сот Кәрім Махмұтов пен Сағынбаев мырза арасындағы үйді сату жөніндегі келісім-шарттан заң бұзушылық таппады. Сәйкесінше, үйдің кілті Сағынбаев мырзаға берілсін.

Сот шешімі оқылғанда, залда Сәрсекбаев те, боксёр бапкері Кәрім Махмұтов та болмады.

Еске салайық, Бейжіңдегі жазғы олимпиаданың чемпионы Бақыт Сәрсекбаев бапкеріне сыйға берген пәтерін даулап, Махмұтовты сотқа берген. Себебі, бапкер баспананы алар кезде, боксёрді Лондон олимпиадасына дайындауға уәде етіпті. Айтқан сөзіне тұрмай, одан қалды баспананы өзге біреуге сатып жібергеніне қатты ренжіген Сәрсекбаев нағашы ағасын сотқа шақырған болатын.

Әлия ӘШІМ



соңы:}