Русский Сайттың толық нұсқасы

«Банк ЦентрКредит»-тің банкроттығы жайындағы ақпарат жалған

  • AstanaTV
  • 12 ақпан 2014
  • 1005

Халық арасында «Центркредит» банкі банкротқа ұшырауы мүмкін деген қауесет жоққа шығарылды. Алып-қашпа әңгіме әсіресе әлеуметтік желілерді жаулап алған болатын. Банк жабылмайды. Бұл туралы бүгін аталған банктің ресми өкілдері мәлімдеді.

Банк штаттық тәртіпте жұмысын жалғастыруда. Көптеген банкоматтарда қаржылық операциялардың орындалмауы техникалық ақауларға байланысты, деп түсіндірді банк басшылары. Ал қауесеттің таралуына жеке тұлғаның әлеуметтік желілерде жазған хаты себеп болған.

Бүгінгі таңда хат иесі табылып, банктің ресми сайтында оның жалған ақпарат таратқаны үшін кешірім сұраған мәтіні де жарияланды. Жалған ақпарат таратушыға қатысты қандай да бір жаза қолданылады ма, жоқ па, ол жағы әзірге белгісіз.

Нұрлан
Шегебаев, «Банк ЦентрКредит» АҚ Өскемен қаласы филиалының директоры:

Ия, кешеден бері бізге көптеген хаттар келіп түсе бастады. Көпшілік әлеуметтік желілердегі ақпарат бойынша түсініктеме беруді сұрады. Айтарымыз
, банк бұрынғыдай қалыпты жағдайда жұмыс істеп жатыр. Өзінің міндетін толық орындап тұр. Бас банк тарапынан тергеу амалдары жүргізіліп жалған ақпарат таратушы табылды. Біздің ресми сайтымыздан жағдайдың анық-қанығын біліп, оқып, көре аласыздар.

Қанат ОРАЛБЕК