Русский Сайттың толық нұсқасы

ОҚО: Сырдария өзені арнасынан шығып кету салдарынан бір ауылды су басу қаупі бар

  • AstanaTV
  • 12 ақпан 2014
  • 3485

Оңтүстік Қазақстан облысында Сырдария өзені арнасынан асу қаупі туындады. Арыс ауданына қарасты Қожатоғай ауылына сел жақындаған. Осыған орай аймақтың төтенше жағдай қызметіне жауапты басшылары қауіпті аймаққа барып, жағдайды өз көздерімен бақылап қайтты. Қазір Көксарай су реттегішінен бастап Қызылорда облысына дейінгі дария бетін қалың мұз басқан. Өзен суы жағалауға жайылып, Қожатоғайға қарасты жайылымдық жерлер көлкіп жатыр.

Судың көтерулінің бір себебі - Шардара су қоймасынан Сырдарияға секундына 900 текше метр су жіберілуіне байланысты. Бұдан бөлек, Көксарай су реттегіші шлюздарының алдына сең қалыптасуы да мәселені айтарлықтай қиындатқан, деді құтқарушылар. Қазір дария маңындағы бөгеттер құм салынған қаптармен барынша бекемделуде. Бұл жұмысқа 322 адам мен 23 техника жұмылдырылған, Сондай-ақ, қалың тоңды жару мәселесі де қаралуда.

Нұрлан Темірбаев, ОҚО ТЖД баспасөз қызметінің бас маманы:

Ол жерде «Қазақжарылыс» өндіріс, сонымен қатар, аудандық жергілікті әкімдік өкілдері дария бетіне қатқан мұзды қай жерінен жару керектігін
көзімен көріп қайтты. Қазіргі таңда ауданда судан келетін қауіп жоқ.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ