Русский Сайттың толық нұсқасы

Ауған соғысының ардагерлеріне төсбелгілер табыс етілді

  • AstanaTV
  • 12 ақпан 2014
  • 2364

Ауған соғысының аяқталғанына биыл 25 жыл толды. Осы мерейтойға орай бүгін жанкешті соғыста ерлік көрсеткен жауынгерлер марапатталды. 1200-ге жуық қанды соғыс операциясы, 42 мың қаза тапқан жан - сұрапыл да сұм соғыстың салдары. Бүгін, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, шекара қызметінде жиналған ардагерлер өткен кезеңді еске алды.

1979 жылы басталып, бақандай он жылға жалғасқан соғысқа Қазақстаннан 22 мың азамат аттанды. Сол азаматтардың басым бөлігі қазір Мемлекеттік шекараны күзету ісінде қызмет атқарып жүр. Бүгін осы ауған соғысының 5 ардагері батырлығы үшін төсбелгі және қаржылай сыйақымен марапатталды. Ерекше төсбелгі «Тәуелсіз мемлекеттер достастығы», Қорғаныс министрлігінің шешімімен беріліпті. Ол тек Қазақстан емес, барша ТМД елдеріндегі ардагерлерге табысталды.

Ауған соғысының ардагерлері болса, марапаттау шарасының мемлекеттен қолдау тапқанына ризашылығын білдірді. Бұл шара жас жауынгерлердің патриоттық сезімін еселей түседі деп сенеді.

Толқындат Төлешев, ауған соғысының ардагері:

21 жасымда сол ауған соғысына лейтенант болып аттанғанмын. 1989 жылы 15 февральда осы айтылған уақытта өзіміздің әскерімізбен шықтым. Соғыстың жақсылығы жоқ, соғыс бар жерде аштық, қайғы, неше түрлі жағдайлар болады.

Сымбат МОЛДАТАЙ