Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ федералды қор жүйесінің жаңа басшысы ақшаны басып шығару көлемін қысқартуды көздейді

  • AstanaTV
  • 12 ақпан 2014
  • 1073

АҚШ федералды қор жүйесінің жаңа басшысы Джанет Йеллен ақшаны басып шығару көлемін қысқартуды көздейді. Бұл - Америка экономикасының қазіргі жағдайына қарай отырып жасалған қадам. Айтуынша, жұмыссыздық мөлшері бүгінде 1 жарым пайызға төмендеген. Ал қаңтарда ол 6,6% -ға түскен еді. Яғни жұмыс орындары 113 мың адамға жетті деген сөз.

Сондай-ақ Йелленнің атап өткеніндей, жұмыспен қамту жайы әлі де керемет деңгейде емес. Осыған орай пайыздық ставкалар өзгеріссіз қалуы әбден мүмкін. Бұл жағдай жұмысыздық деңгейі 6,5% төмендегенше жалғасады.


Джанет Йеллен, АҚШ Федералды қор жүйесінің басшысы:


Егер статдеректер еңбек нарығындағы жағдайдың жақсаруы мен инфляцияны қайтарудың көптен күткен мақсатты деңгейге жеткені байқалса, федералды комитет құнды қағаз сатып алу деңгейін қысқартады.

 

Базаргүл ОТЫНШИЕВА