Русский Сайттың толық нұсқасы

Анар Мешімбаеваның қорғаушысы бүгін соттан оны ақтап шығуды сұрады

  • AstanaTV
  • 12 ақпан 2014
  • 1116

Анар Мешімбаеваның қорғаушысы бүгін соттан оны ақтап шығуды сұрады. Ботакөз Бейсембаева бюджет қаражатын талан таражға салды деп айыпталған экс- шенеунік кінәсіз деп санайды. Ал айыпталушының өзі соттағы ақырғы сөзінде өзін ақтауды көзіне жас алып, өтінді.


Анар Мешімбаева, Статистика агенттігінің бұрынғы басшысы:


Прокурор Дәурен Әшімов болса, жалпы тәртіптегі колонияда экс-шенеуніктің 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрап отыр. Еске салайық, Анар Мешімбаеваға қатысты қылмыстық іс бойынша сот 2013 жылдың 4 желтоқсанында басталды. Сондай-ақ бюджет қаржысын жымқыру ісі бойынша оның орынбасарлары Нұрман Баянов пен Бірлік Меңдібаев та сотқа тартылған. Анар Мешімбаева ұзақ уақыт жасырынып жүріп, былтыр ақпан айында Мәскеуде ұсталды, ал қыркүйек айында Астанаға жеткізілді. Бас-аяғы 758 миллион 200 мың теңгені бюджеттен тонап кетті деп айыпталған Мешімбаеваға қатысты үкім 14 ақпан күні жарияланады.


Сымбат МОЛДАТАЙ