Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандыда жолақыға қатысты жыр әлі де жалғасуда

  • AstanaTV
  • 12 ақпан 2014
  • 762

Қарағандыда жолақыға қатысты жыр әлі де жалғасуда. Депутаттар енді сотқа жүгіретін түрі бар. «Гарант» тұтынушылар құқығын қорғау ұйымы шағым түсірді. Қор өкілдерінің айтуынша, мәслихаттың қоғамдық көліктердегі тарифті көтеруі негізсіз. Осыны алға тартқан азаматтар облыстық ауданаралық экономикалық сотқа шағым жолдады.

Айта кетейік, өңірде қаңтардан бастап жолақы 50 теңгеден 80 теңгеге қымбаттап шыға келген. Бұл қарапайым тұрғындардың ашу-ызасын туғызды. Ал «Гарант» бірлестігі өз зерттеуін жүргізген. Қызмет көрсету сапасын бақылау барысы тұтынушылар наразылығының орынды екенін көрсетті. Қоғамдық ұйымның заңгерлері тәуелсіз сот сараптамасын тағайындауды талап етуде.


Жаслан Айтмағамбетов «Гарант», тұтынушылар құқығын қорғау ұйымының төрағасы:


Автобустар жетіспейді және кестеге сай жүрмейді. Ал олардың техникалық жағдайы мүлде сын көтермейді. Барлық жауапты тұлғалар бұған көз жұма қарап отыр. Бір сөзбен айтқанда, кемшілік жетіп артылады.


Базаргүл ОТЫНШИЕВА