Русский Сайттың толық нұсқасы

Елбасы Жолдауына аймақтардағы жұртшылық жаппай қолдау танытуда

  • AstanaTV
  • 12 ақпан 2014
  • 938

Елбасы Жолдауына аймақтардағы жұртшылық жаппай қолдау танытуда. Бір мақсат пен ортақ мүдде жолында тоғысқан отандастарымыз Жолдауға қатысты өз ойларын білдіріп келеді. Батыс Қазақстанда биылғы Жолдау «Нұр Отан» партиясы Доктринасының негізгі қағидалары тұрғысынан талқыланды. Бұл бастаманы атыраулықтар да құптап отыр.


Жолдауды талқылау ісін аймақтарда жаңа форматта өткізу қолға алынды. Қатысушылар «Қазақстан жолы - 2050. Бір мақсат. Бір мүдде. Бір болашақ» тақырыбын талқылап, кейін сұрақ - жауап түрінде еркін пікір алмасты. Сөз алғандар Жолдаудан туындаған түрлі бағыттарды таратып айтты.


Дариға Мұштанова, БҚО Теректі аудандық мәслихатының депутаты, «Нұр Отан» партиясының мүшесі:


Тәуелсіздік алудан гөрі оны ұстап тұру қиын деп салмақ артады, соны ұстап тұру үшін сондай салиқалы қоғам болуымыз керек. Ондай қоғамның иесі болуы үшін жастар тәрбиелі, білікті және сергек болуы керек.


Жолдауды түсіндіру үшін аймақтарға аттанған Мәжіліс депутаттары да елмен етене араласып, негізгі бағыттарды түсіндірді.


Светлана Романовская, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:


Қандай мемлекеттік бағдарламалар бар? Білім саласын қандай өзгерістер, жаңалықтар күтіп тұр? Бұл ретте ІЖӨ-нің 3 % енді ғылымды дамытуға бөлінетіні қуантады. Ғылымды өркендетуге жұмсалатын бұл қаржы жаңа өндіріс орындарын ашуға, өзге де жаңашыл бастамаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.


Ал партияның Атырау қалалық филалы «инновациялық индустрияландырудың трендін күшейтуге» назар аударды. Құжатта көрсетілгендей, Қазақстан дамыған елдердің өткен ғасырдағы индустриялдық табыстарын қысқа мерзім ішінде қуып жетуі тиіс. Жиылғандар бұл үшін ұлттық құндылықтарға басымдық берілуі керектігін жеткізді. Яғни, қымыз бен шұбат өндірісі, ұлттық ою-өрнекті әспеттер түрлі бұйымдар жасау ісі жолға қойылғаны жөн.


Бақтыгүл Хаменова, Атырау қалалық мәслихатының депутаты, «Нұр Отан» партиясының мүшесі:


Еліміздің болашағы бүгіні мен ертеңін одан әрі дамыту, қала берді инновациялық-индустриаландыру трендін күшейту болып табылады. Сол бағытта айтылған басты мәселелер еліміздегі бар шикізатымызды қолдана отырып, елдің бірлігі мен тірлігіне қажетті басты жаңалықтарды оңтайландыру болып табылды.


Елбасының биылғы жолдауын халыққа жеткізу үшін жолға шыққан насихат тобы тек қаламен шектелмей, шалғай ауылдардағы ұжымдарды да қамтып отыр.


Еркін КАРИН