Русский Сайттың толық нұсқасы

Тобыл өңірінде мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселелерін шешуге атсалысатын кеңесші тағайындалды

  • AstanaTV
  • 12 ақпан 2014
  • 1116

Тобыл өңірінде мүмкіндігі шектеулі жандардың мұң-мұқтажын аймақ басшысына жеткізіп, өзекті мәселені шешуге атсалысатын кеңесші тағайындалды. 26 жастағы Асылан Дабылов қамкөңіл жандардың басындағы қиындықты облыс әкіміне тұрақты түрде хабарлап отырмақ. Ол 4 жылдан бері Рудный қаласында мүгедектердің «Жаңа өмір» қоғамдық бірлестігін басқарып келеді. Белсенді жастың есімі аймақтың «Алтын жастары» кітабына енгізілген. Жаңа қызмет - арбаға таңылған Асыланға жаңа серпін берді. Арнайы кеңесші алдағы уақытта әлеуметтік-зерттеу жүргізіп, мүгедектердің түйткілді мәселелерін тиімді шешуді қарастырмақ. Мақсаты - мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыру.


Асылан Дабылов, Қостанай облысы әкімінің кеңесшісі:


Менде ой бар. Ірі-ірі кәсіпорын басшыларымен кездесіп меморандум жасасам деген. Аудандардағы мүмкіндігі шектеулі адамдардың санын анықтап, жұмысқа тұрғысы келетіндердің өтініші бойынша басшылармен кездесіп сөйлескім келеді.


Заңғар САНАЙ