Русский Сайттың толық нұсқасы

Бергей Рысқалиевтің ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысты сот жалғасып жатыр

  • AstanaTV
  • 13 ақпан 2014
  • 1438

«Бергей Рысқалиевтің ұйымдасқан қылмыстық тобына» қатысты сот Атырауда жалғасып жатыр. Сот пәтер мәселесін қарауды аяқтады. Онда «AB Group» ЖШС-не тиесілі Сәтпаев даңғылы, №35-ші үйдің тоғыз пәтерін заңсыз иелену фактісі қаралған болатын.

Осы іске қатысты 12 куәгер мен жәбірленушіден және 2 айыпталушыдан жауап алынды. Соңғы болып жауап берген айыпталушылардың бірі - «Батыс ТранспортСим» ЖШС-нің бұрыңғы директоры Рахметолла Әлшенов. Ол осы үйдегі нөмірі он сегізінші пәтерді заңды түрде әкесіне арнап сатып алғандығын айтты. Және ол айыптаушы тараптың таққан айыбын жоққа шығарып отыр.

Гүлнәр Мусина, адвокат:

Менің қорғалушым сот барысында пәтерді қалай, кімнен сатып алғанын толықтай айтып шықты. Оған құжаттық дәлел ретінде сату және сатып алу келісім-шарттары бар. Тіркелген. Және осы іске қатысты пәтерді сатушы да келісім болғанын, келісім бойынша ақшасы төленгенін айтып отыр. Сондықтан
, бұл айыпты қорғалушым Рахметолла Әлшенов түбегейлі мойындамайды.

Мұнан соң сот, 2008-2010 жылдары мемлекеттік бағдарлама аясында тұрғызылған жалға берілетін және ипотекалық үйлерге қатысты мәселені қарауды бастады. Тендер кезінде құрылыс жұмыстарын «Атырау Құрман Құрылыс» компаниясы жеңіп алған. Бұл мәселе бойынша шақырылатын куәгерлердің көпшілігі мемлекеттік қызметкерлер.

Олардың айтуынша, құрылыс жобалық сметалық құжаттар дайын болмай-ақ басталып кеткен. Отыз пайыздық алдын ала төлем де аударылып отырған. Тіпті, бекітілген құрылыс материалдары да келісілместен арзан материалмен алмастырылып келген. Қазір «Атырау Құрман Құрылыс» ЖШС-нің бұрыңғы директоры Құрманғазы Әлімов тергеу абақтысында отыр.

Айта кетейік, аталған қылмыстық іс 777 томды құрайды. 22 адамға айып тағылған. Олардың он бірі тергеу абақтысында.

Базаргүл ІЗІМОВА