Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ кезекті рет мемлекеттік қарыздың жоғарғы шегін өзгертті

  • AstanaTV
  • 13 ақпан 2014
  • 1101

Америка Құрама Штаттары кезекті шатдаунның бетін қақты. Конгресс мемлекеттік қарыз шегін көтеру ұсынысын мақұлдады.

Заң жобасын ешбір кері қайтарусыз қабылдаған палата өкілдері мемлекеттік қарыз көлемін арттыруды 2014 жылдың наурыз айына дейін белгіледі. Алғашқы аяқ алысқа қарап, бұл құжатты Конгресстің Жоғарғы палатасы да жеделдетіп, апта соңына дейін қабылдауы ықтимал. Ал Үкіметтің мемлекеттік қарызға жұмыс істеуі 27 ақпанда тоқтатылуы мүмкін. Өйткені, бұл күні ел Үкіметінің қаржысы 50 миллиард долларға дейін азаяды, ал шығын көлемі күніне 60 миллиард доллар болып отыр.

Еске салайық, өткен жылдың күзі АҚШ Үкіметі үшін ауыр кезеңдермен есте қалды. Конгрессмендер бір шешім қабылдай алмай, салдарынан Үкіметтен бастап барлық мемлекеттік мекемелер екі аптаға жабылып қалды. Осы уақытта Вашингтон қазынасы кем дегенде 24 миллиард доллардан қағылды.

Сымбат МОЛДАТАЙ