Русский Сайттың толық нұсқасы

Аргентинада девальвациядан кейін супермаркеттер спекуляция үшін айыпталуда

  • AstanaTV
  • 13 ақпан 2014
  • 863

Аргентина президенті Кристина Фернандес елдегі негізгі тауарлар құнының шарықтауына жол бермеуге тырысуда. Ол Аргентинаның ірі әмбебап дүкендеріне қатаң ескерту жариялады.

Осыдан бір ай бұрын ел билігі тауар сатушылармен 60 күнге дейін тауар құнын тұрақты ұстау жөнінде келісімге келген. 30% девальвация орнағандықтан, ел үкіметі осындай жолмен инфляцияны болдырмауға тырысып жатыр.

Еске салайық, аргентиналық валюта - песоның долларға шаққандағы құны 11%-ға құлдыраған. Бұл жергілікті валюта құнының 2002 жылдан бергі максималды арзандауы. Дәл сол жылы Аргентина үкіметі сыртқы қарыздарға байланысты дефолт жариялаған еді. Қазіргі девальвацияны экономистер Аргентина экономикасына инвесторлар сенімінің жоғалғанымен түсіндіреді. Ұлттық валюта песоны ұстап тұрудан бас тартқан Аргентина Орталық банкі әзірге елдегі жағдайға араласудан бас тартты.

Кристина
Фернандес де Киршнер, Аргентина президенті:

Тауар тапшылығының себебі неде? Ол импортталып жатыр ма? Бұл жағдайдың спекуляция екені айдан анық. Біз девальвациямен күресеміз, тұтынушының құқығын қорғаймыз.

Сымбат МОЛДАТАЙ