Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұрлан Нығматуллин Литваның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісімен кездесті

  • AstanaTV
  • 13 ақпан 2014
  • 947

Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматуллин Литваның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Рокас Бернотаспен кездесті. Тараптар Қазақстан-Литва арасындағы қарым-қатынасты кеңейту мәселелерін талқылады. Әріптестіктің маңызды бөлігі саналатын парламентаралық ынтымақтастыққа айрықша назар аударылды.

Сондай-ақ, екі мемлекет арасындағы өзара түсіністіктің жоғары деңгейін, өзекті тақырыптар төңірегіндегі ұстанымдарды алға тартты. Әлеуметтік-экономикалық даму  жайы сөз болғанда Нұрлан Нығматуллин Елбасы Жолдауының маңызды бағыттарын жүзеге асыруға тоқталды. Құжатта айтылған бағыттар қазақстандықтармен бірге, шетелдік компаниялар үшін де оңтайлы жағдай жасайтынын атап өтті.

Рокас Бернотас Қазақстанның Литва үшін аймақтағы өте маңызды әріптес екенін алға тартты. Қос тарап осы жылға жоспарланып отырған Литва Сейма спикерінің ресми сапары екі жақты қатынастың дамуына серпін береріне сенімді.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА