Русский Сайттың толық нұсқасы

Кедендік одақ елдеріне ортақ валюта айналымға енгізілмейді

  • AstanaTV
  • 13 ақпан 2014
  • 1276

Кедендік одақ елдеріне ортақ валюта айналымға енгізілмейді. Ресей президентінің кеңесшісі Сергей Глазьев бүгін осылай деп мәлімдеді. "РИА Новости" агенттігі таратқан ақпарға сай, Қазақстан, Ресей және Беларуссияның ондай мүмкіндіктері де жоқ. Глазьев Еуроодақ тәжірибесін мысалға келтіре кетуді де ұмытпаған.

Бірыңғай қаржы кеңістігін құру үшін бізге бірыңғай бюджет саясатын жүргізу керек. Мұнан бөлек, одақ аясындағы елдердің салық жүйелерінде үлкен айырмашылық бар деді.

Еске сала кетсек, өткен жылдың желтоқсан айында Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев Беларуссиямен біріңғай валюта енгізу мүмкіндіктері қарастырылып жатқанын меңзеген. Дегенмен, ол рубльдің тұрақтылығын сақтауға басымдық берілетінін де айтқан.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА