Русский Сайттың толық нұсқасы

"Арселор Миттал Теміртау"-да жұмысшыларды мәжбүрлі түрде қысқартуға жол берілмейді

  • AstanaTV
  • 13 ақпан 2014
  • 1472

"Арселор Миттал Теміртау"-да жұмысшыларды мәжбүрлі түрде қысқартуға жол берілмейді. Қарағанды облысының әкімдігі осындай ұйғарымға келді. Бұл жөнінде аймақ басшысы кәсіпорын жетекшілерімен өткен кездесуде айтты.

Бауыржан Әбдішев, Қарағанды облысының әкімі:

Адамдармен бұлайша қош айтысу жарамайды. Кезінде зауыттың гүлденген тұсында тер төккен еңбеккерлер аз табыс әкелген жоқ. Махадиван мырзамен келіссөздер жүргіздік. Бұған дейін айтылғандай, зауыттан бірден 2500 адамды мәжбүрлеп қысқарту деген болмайды.

Алайда әкімнің баспасөз хатшысының "Астана" арнасына берген мәліметіне сүйенсек, «Арселор Митталда» қысқарту ішінара болса да ерікті түрде жүргізіледі. Бір мыңға жуық металлург жұмыс орнын босатпақ. Олардың біразы зейнетке шықса, өзгелері жеке компанияларға аутсорсинг бойынша жұмысқа ауысады.

Ал кеншілердің «Жақтау» кәсіподақ ұйымы «Магнитка плюс» басылымында жарияланған мақалада біраз жайттың бетін ашты. Онда жұмыс берушінің еліміздегі еңбек заңдарын бұзып отырғаны жазылған. Құқық қорғаушылар Теміртау қалалық прокуратурасына шағым түсірді. Олар мәселенің мән-жайын анықтауды сұраған. Сондай-ақ, өз ұстанымдарын сотта қорғауға дайын екенін де жеткізді.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА