Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы көтерілмейді

  • AstanaTV
  • 13 ақпан 2014
  • 1227

Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы көтерілмейді. Бұл туралы журналистермен кездесуде денсаулық сақтау вице-министрі Ерік Байжүнісов мәлімдеді. "Өткен жылы "Самұрық-Қазына Фармация" серіктестігі 90 миллиард теңге сомасына дәрі-дәрмек алып қойған. Барлық фармокологиялық компаниялармен келісім шарт алдын-ала жасалған. Ол жерде валюталық тербелістер туралы айтылмаған. Осы себепті биыл баға шарықтайды деген ақпарат - жалған" - дейді.

Ерік Байжүнісов, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі:

Ағымдағы жылдың сәуір айында біз заң жобасына қосымша өзгертулер енгізбекпіз. Соның арқасында дәрі-дәрмектің ұлттық формулярын жасап шығарамыз. Оның ішінде жеті мыңнан астам дәрінің өз атауы жазылып, нақты бағасы белгіленбек. Бұдан кейін бір де бір дәріхана белгіленген бағадан аса алмайды.

Жұрағат БАМАН