Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақ спортшыларына оралдық жазасын өттеушілер жанкүйер болды

  • AstanaTV
  • 14 ақпан 2014
  • 1067

Сочидегі қысқы Олимпиадада бағын сынап жатқан қазақ спортшыларына оралдық жазасын өттеушілер жанкүйер болды. Жалпы режимдегі РУ-170/2 түзету колониясындағы тұтқындар шаңғыдан жарыс ұйымдастырды.

Абақтыдағы 9 отрядтан іріктелген 5 үміткер 750-метрлік қашықтықты қысқа уақыт ішінде жүріп өтті. Қауіпсіздік шараларын ескерген түрме басшылығы шаңғы жолын абақты ауласының ішінен жасапты. Тосын жарыста белсенділік танытқан тұтқындар арнайы алғыс хат, кубоктармен марапатталып, алдағы уақытта тума-туыстарымен кездескен кезде түрлі жеңілдіктерге де ие болмақ. Түрме басшылығының осы уәдесінен шығуға тырысқан жарысқа қатысушылар намысты қолдан бермеді. Ал қажетті шаңғыны түрме басшылығы жергілікті спорт базаларының бірінен жалға алыпты.

Бердібек
Құспанов, жазасын өтеуші:

Өте жақсы өтті, бір-екі жерде қалып қойған жерім бар. Аяқтарым неғылып... Жақсы. Бұрын да тепкем, оған көп болды ғой, 7-8 жыл болды. Есіме
түсірдім, қуанып жатырмын.

Еркін ҚАРИН