Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы: Аудан әкімдерінің сайттарына бағаның көтерілуі жайында 32 хабарлама түсті

  • AstanaTV
  • 14 ақпан 2014
  • 874

Алматыда бір тәулікте баға спекуляциясына қатысты 32 шағым түсті. Ұлттық валюта курсының өзгеруіне байланысты алматылық кәсіпкерлер әлеуметтік маңызы зор тауарлардың, оның ішінде азық-түліктің, жанар-жағармай мен дәрі-дәрмектер бағасын өсіріп жіберген. Осыған байланысты, қалалық әкімдік жанында құрылған арнайы топ сауда нүктелерінде тексеріс өткізуде. Қазіргі таңда дүкен иелері мен сауда орындарының басшылығына түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, бұдан бұрын Алматы қалалық әкімдігінің сайтында баға деңгейінің көтерілуі турасында шағымдар мен өтініштерді қабылдайтын арнайы бөлім ашылған болатын. Әр тұрғын баға еселеген сауда орындарының мекен-жайын жазып, шағым түсіру мүмкіншілігіне ие.

Жұрағат БАМАН