Русский Сайттың толық нұсқасы

Венесуэлада жаппай шеру кезінде 3 адам қаза тауып, 23-ауыр жараланды

  • AstanaTV
  • 14 ақпан 2014
  • 812

Венесуэла астанасы Каракас қаласында мыңға жуық тұрғын жаппай шеруге шықты. Қазір оқыс жағдай салдарынан үш адам қаза тауып, тағы 23-і ауыр жарақаттанды. Айқай-шу мен наразылық Венесуэла астанасында жиі болғандықтан, бұл күнделікті әдетке айналып кетті, дейді жергілікті халық.

Жаппай наразылық танытып, алаңға шыққандардың басым бөлігі - студенттер. Шеру себептері де әр түрлі - олар оқу орындарын жайлаған ұрлық-қарлықтан бастап елдегі экономикалық дағдарысқа дейін алаңдаулы. Кейбір студенттер шеру барысында ұсталып, түрмеге жабылған достарын шығаруды талап етуде.

Бұған дейін Мерида және Тачира қалаларында дәл осындай наразылық акциясы болған. Ұлардай шулаған халықты баса алмай, кісі өліміне жол берген билік болса, осы жағдайға оппозиция өкілдерін айыптап жатыр. Оппозиция көшбасшысы - Энрике Каприлес өз сөзінде жақтастарын сабырға шақырды. Дегенмен, күн санап, елдің экономикалық ахуалы нашарлауда. Венесуэлада қара алтын қоры - мұнайға бай болса да, гиперинфляция орнап, тауарлар қымбаттап кетті.

Андриана
Эрнандес, Каракас қаласының тұрғыны:

Біз әлеуметтік көмектің жеткіліксіздігіне және қарапайым ғана қауіпсіздіктің жоқтығына наразымыз. Кешқұрым далаға шығудан қорқып отырсақ, біз қалайша елде бостандық бар дей аламыз? Мұндай зорлық зомбылық пен қылмыс өршіп тұрған мемлекетте мен өмір сүргім келмейді.

Сымбат МОЛДАТАЙ