Русский Сайттың толық нұсқасы

Бүгін Анар Мешімбаеваның ісі бойынша сот үкімі шығады

  • AstanaTV
  • 14 ақпан 2014
  • 649

Статистика агентігінің экс-басшысы Анар Мешімбаеваға қатысты сот үкімі бүгін шығады. Осы аптада мемлекеттік айыптаушы Статистика агенттігінің бұрынғы басшысын 8 жылға соттауды сұрады.

Сот 32 томға арқау болған атышулы істі екі айға жуық уақыт қарап барлық куәгерлерді тыңдап шыққан. Бас-аяғы 758 миллион 200 мың теңгені бюджеттен жымқыруға қатысы бар деген айыппен ұсталған Мешімбаеваға қатысты үкім бүгін сағат 17:00-де шығарылады.