Русский Сайттың толық нұсқасы

Лондон маңында мыңдаған үйлер су астында қалды

  • AstanaTV
  • 14 ақпан 2014
  • 821

Ұлыбритания ауа райының күрт бұзылуына әзірленуде. Британдық метеорологиялық қызмет «қызыл» ескерту, яғни адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін деген белгі жариялаған. Елдің солтүстік-батыс аумағында сағатына 150 километр екпінді жел болады деп күтіулде. Лондон маңында мыңдаған үйлер су астында қалды. Қазіргі таңда билік тарапы қалаға жақын шлюздарды жауып, он мыңдай құм салынған қап әзірлеп қойған.

Синоптиктердің болжамынша, жаңбыр әлі де жалғаспақ. Тіпті бір-екі күнде жауын-шашынның айлық көлемі жаууы мүмкін деген қауіп бар. Бүгіннің өзінде Сомерсет графствосының су астында қалғанына сегіз аптадай өткен. Британдық премьер Дэвид Кэмерон әрбір жапа шеккен үйге бес мың фунт стерлинг өтемақы төлейміз, деп отыр. Бүгінгі таңда елге табиғи апаттан келген зардап көлемі 1 миллиард фунт стерлингтен асып кеткен.

Жұрағат БАМАН