Русский Сайттың толық нұсқасы

Өскемендіктер Сочиден оралған спортшыларды қарсы алды

  • AstanaTV
  • 14 ақпан 2014
  • 1075

Өскемен жұрты Сочидегі сайыстан шығып қалған споршыларын қарсы алды. Таң сәріде теріскейден келіп қонған ұшақтан фристайлшы Юлия Галышева мен Дмитрий Рейхард түсті.

Юлия Галышева әлемнің ең үздік он фристайлшысының қатарына кіріп, жетінші орынға тұрақтаса, Дмитрий Рейхард бесінші болып мәре сызығын аттады. Спортшылар барын салып, тамаша техникалық өнер көрсеткендерін айтты. Енді алдағы бірнеше әлем кубогынан кейін тау шаңғышылары демалыс алатындарын жасырмады.

Юлия Галышева, фристайлдан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі:

Я была в Ванкувере 11, сейчас 7-ая и считаю, что это хороший результат
.

Дмитрий
Рейхард, фристайлдан қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі:

У нас было запланировано с 3-го по 6-е место, программку свою я выполнил, конечно,
я хотел бороться за медали и считаю свой проезд достойным, но так решили судьи.

Ал бапкерлер керісінше, әділ қазылардың әділетсіз болғанын айтады. Олимпиададағы әріптестері, өзге де қатысушылар қазақ спортшыларының тамаша техникасы мен мінсіз орындауын атап өткенімен, қазылар әділ баға бермеді, дейді бапкерлер. Сөздерінше, тек қазақстандық могулшы Юлия Галышева ғана трамплин алдынан аударылып, көптің қолынан келмес жаттығу жасағанымен, көзге ілген сарапшылар болмапты.

Виктор Лемешко, фристайлдан Қазақстан ұлттық құрамасының бапкері:

Сөзім жоқ. Егер осы жолы да Қазақстан тарапы жапқан аузын ашпай отыра берсе, өмір бойы әділетсіз баға алып жүре береміз. Әр спортшының көрсеткен өнері, уақыты бәрі белгілі. Әділ қазылар алқасы ішінен төмен баға берген сарапшыны тауып, сол елдің бір медалін тартып алу керек, қайталанбас үшін. Мұның бәрі әрине, мемлекет деңгейінде өтуі тиіс
.

Әлия ӘШІМ