Русский Сайттың толық нұсқасы

Ауған жерінен Кеңес әскерінің шығарылғанына 25 жыл

  • AstanaTV
  • 14 ақпан 2014
  • 1462

Биыл Ауған жерінен Кеңес әскерінің шығарылғанына 25 жыл.  Осыған орай Алматыда Ауған соғысында қаза тапқан сарбаздардың рухына құрмет көрсетіліп, естеліктер айтылды. Түркісіб ауданына қарасты мазаратта ұрыс алаңында қайтыс болған бірнеше сарбаз жерленген. Бүгін олардың қаруластары осында келіп, бейіттерге гүл шоқтарын қойды.

Ертең Алматыдағы ауған соғысы ардагерлерінің құрметіне қойылған ескерткіш маңында  жиын өтіп, салтантты шаралар ұйымдастырылмақ. 10 жылға созылған Ауған соғысына 22 мыңнан астам қазақстандық қатысқан. Қан майданда 900-ге жуық сарбаз елге оралмады. Оралғандарының өзі үкіметтен көмек сұрайды.


Игорь БережнойАуған соғысының ардагері:


Ауған жерінде қан төгіп,  азап тартқан ардагерлерге ай сайын үкіметтен 10 мың 945 теңге өтемақы төленеді. Елімізде төменгі күн көріс мөлшері 19 мың 966 теңге. Көбі жарымжан, жастары 50 асқан жігітер мұндай қаражатқа қалай күн көреді. Сондықтан  Үкіметтен  осы мәселені қайта қарауды талап етумен келеміз.


Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ