Русский Сайттың толық нұсқасы

Еуроодақ Сирияның химиялық қаруын жоюға 12 млн еуро бөлетін болды

  • AstanaTV
  • 18 ақпан 2014
  • 996

Еуроодақ Сирияның химиялық қаруын жоюға 12 млн еуро бөлетін болды. Бұл туралы Еуропалық одақтың кезекті хабарламасында айтылған.

Құжатта бұл қаражаттың химиялық заттарды тасымалдау, кемелерге тиеу және жоюға жұмсалатыны айтылған. Жоюды Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым мен БҰҰ өз бақылауына алмақ. Еурокомиссия өкілдері Сирияны химиялық қарусыздандыру үрдісі химиялық заттарды жою тарихындағы ауқымдылығы жағынан теңдессіз бағдарлама екенін айтып отыр. Және бұл Женевадағы келіссөздер нәтижесінде қол жеткізілген жетістік.

Әлия ӘШІМ