Русский Сайттың толық нұсқасы

Сирияның билік әскері мен бас көтерушілері бір ымыраға келді

  • AstanaTV
  • 18 ақпан 2014
  • 1217

Сирияда бейбіт күн орнады! Мұндағы билік әскері мен бас көтерушілер бір ымыраға келді. Екі тарап Дамаск маңындағы қалалардың бірінде уақытша отты тоқтатуға келіскен.

Күні кеше көшелері қанға толған Баббила ауданында қазір тым-тырыс. Тіпті, бүлікшілер басып алған ғимараттардың төбесінде қазір мемлекеттік ту тігілген. Ал соғыстан көз ашпаған жергілікті тұрғындар қалаға жеткізіліп жатқан дәрі-дәрмек пен тамаққа дән риза.

Мұндай бейбіт келісімге келу үшін жергілікті басшылық, саясаткерлер үш апта табан тоздырған. Келісім елдің тағы бірнеше қаласына қатысты. Ал мұндағы бас көтерушілер қаруларын өткізіп, қатаң тексерістен өтуге міндеттелді. Осылайша жергілікті аймақтар арасындағы татулық мемлекетаралық келіссөздерге қарағанда едәуір тиімдірек болды.

Әлия ӘШІМ