Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада көңілді тапқырлар клубының ойындары өтті

  • AstanaTV
  • 24 ақпан 2014
  • 1125

Астанада көңілді тапқырлар клубының ойындары өтті. Қазақстанның 37 құрама командасы Орта Азия лига фестиваліне іріктеуден өтіп, өнер көрсетті. Бірақ әділ қазылар алқасы ең тапқыр, ең көңілді деген 8 құраманы ғана бөліп алды. Олардың бесеуі Алматы қаласының, екеуі елорданың және Көкшетау қаласының бір командасы. Жастардың қалжыңына арқау болған тақырып биылғы жыл иесі жылқы жануары.

Дегенмен, бүгінгі күннің басты тақырыптары да әзілге айналды. Қалтасын қампайтып отырған шенді-шекпенділер, теңгенің жаңа бағамы да тақырыпқа тұздық болды. Күлкіге қарық боламын деушілерге құлаққағыс - "Астана арнасы" ойынның толық нұсқасын назарларыңызға ұсынатын болады. Айта кетейік, Орта Азия лига фестивалінің ойындары сәуір айында басталмақ. Онда Қазақстандық 8 командамен қоса Ингушетия, Новосибирск, Уфа құрама командалары сынға түседі.


Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА