Русский Сайттың толық нұсқасы

Таразда прокуратура қызметкерін өлтірген азамат 19 жылға сотталды

  • AstanaTV
  • 19 ақпан 2014
  • 1020

Таразда прокуратура қызметкері Ерлан Ноғайбековты өлтірді деген айыппен қамауға алынған күдіктіге қатысты сот үкімі шықты. Тергеу деректеріне сүйенсек, құқық қорғау органының қызметкерін өткен жылы өз пәтерінде жақын туысы атып кеткен.

Оқиға 10-шы қазанда болған. Тергеу амалдары нәтижесінде анықталғандай, 27 жасар прокурор көмекшісі Ерлан Ноғайбеков, күдікті Тимур Әлібековтың атына депозиттік шот ашқызады. Артынша 19 мыңнан астам АҚШ долларын аударған.

Ал, күдікті болса, аманатқа берген ақшаны жеке басына жұмсап жіберген. Осылайша екеуінің арасындағы текетірес қарызды қайтаруға келгенде дау туғызады. Салдарынан күдікті оны шолақ мылтықпен басынан 2 рет атқан. Кейін өлтіргеніне сенімді болмақ мақсатында 17 жерінен пышақтапты. Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Әлібековті Кодекстің 5 бабы бойынша жазаға кесіп, 19 жылға бас бостандығынай айырды.

Талгат Сырлыбаев, Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы:


ҚР ҚК 58-бабының 4-бөліміне сай түпкілікті, ішінара жаңалықтарды қосу арқылы оған 19 жыл тағайындалды. Өз
жазасын ол түзеу колониясында өткізеді.