Русский Сайттың толық нұсқасы

Террористтік топтар Мысырдағы туристтерді қырамыз деп сес көрсетуде

  • AstanaTV
  • 19 ақпан 2014
  • 1607

Мысырға барған туристерге террористерден қауіп бар. «Ансар Бейт әл-Макдис» террористік тобы шетелден келген саяхатшыларға ертеңге дейін елді жедел тастап кетуді бұйырды. Олар бұл мәлімдемесін интернет арқылы таратқан. Мысыр жерінен жедел шықпаған жағдайда, олар барлық туристерге шабуыл жасауға бел буыпты.

Еске салайық, дәл осы «Ансар Бейт әл-Макдис» террористік тобы Синай қаласында автобус жарылысын ұйымдастырды. Тротил эквиваленті бойынша, қуаты он килограммға дейін жеткен жарылыс үш адамның өмірін қиды. Сол уақытта қылмыстық топтың мүшелері, бұл жарылысты әдейі ұйымдастырғанын жариялап, осылайша экономикалық соғыс аясында сатқындық жасағандарды жазалауға тырысыпты.

Ол аздай, жарылыстан соң әркез террорлық топ мүшелері ел Үкіметімен экономикалық күрес жүргізе беретінін айтты. Ал Синай түбегінде осы уақытқа дейін туристер саны көбейіп үлгерді.

Сымбат МОЛДАТАЙ