Қостанай облысы Затобол кентінің
тұрғындары қардан әскери техника қалап шығарды. Қолы шебер жігіттер Су-122-44
танкін екі ай жасапты. Қардан қаланған әскери
техниканың салмағы, шамамен 10 тонна деп отыр. Шебер жігіттер мұз мүсінді
Ресейде өтіп жатқан байқауға қатысу үшін жасаған.
Алайда аула балғындары үшін алып танк
ойыншықтың төресіне айналды. Өкініштісі - ғажайып туындының ғұмыры келте болатыны. Көктем келісімен қар мүсін еріп,
ойсырап орны ғана қалмақ.
Руслан Мухаматьяров, Затобол кентінің
тұрғыны:
Ені 3-те 10, ұзындығы 6-да 20, биіктігі 2-де
30 метр. Осындай алып техниканы ақ ұлпадан жасау өте қиын болды. Оның үстіне
биыл қыс та суық болды. Дегенмен, суды, бояуды, қарды қолдана отырып оны жасап
шықтық.