Русский Сайттың толық нұсқасы

Өскеменде дәрі-дәрмек құны қымбаттап кетті

  • AstanaTV
  • 19 ақпан 2014
  • 1733

Ел болып тауар бағасының өспеуіне күш салып жатқанда, Өскеменде дәрі-дәрмек құны аспандап кетті. Кейбір дәрі бағасы тіпті 100 пайызға дейін қымбаттаған. Және бұл қымбат бағалар Шығыс Қазақстан облыстық Денсаулық сақтау басқармасы мен дәріханалар арасында бекітілген меморандуммен бекіген. Қанат Оралбек дәрі-дәрмек бағасын бағамдап көрді.


Қанат Оралбек, тілші:


Меморандум бойынша әлеуметтік бағамен сатылуға тиіс дәрі-дәрмектің саны екі жүз онға таяу. Сол меморандумда кей дәрілердің бағасы бүгінгіден 3-4 есеге дейін көтеріліп кеткен.


Денсаулық сақтау минситрлігі дәрі-дәрмек сатушылармен бағаны көтермеу туралы меморандумға қол қойғандығы белгілі. Ортақ келісім бар болғанымен, баға өсті. Таң қалдырғаны, аталған меморандумда дәрі-дәрмек бағасы еселене түскен. Мысалы, «Хилак форте» дәріханаларда бүгінгі таңда 1 200 теңгеге саудаланып жатыр. Дәл осы дәрінің бағасын сатушылар 2 500 теңгеге дейін көтере алады. Бұл баға меморандумда көрсетілген. «Парацетамол» дәріханаларда 13 теңгеден саудаланып жатса, меморандумға сәйкес көрсетілген баға 28 теңгені құрап отыр. Бәрінен де оксалин майының бағасы шарықтап кетті.


Под номером 124 оксалиновая мазь, у оптовиков она стоит 78 тенге, в продаже ее цена должна быть 400 тенге.


Осылайша кей дәрі-дәрмектің бағасы 400 пайызға дейін қымбаттап кеткен. Ал облыстық фармоцептикалық бақылау комитетінің қызметкерлері болса меморандумға сәйкес осындай бағалар жазылған қағазды өңірдің барлық дәріханаларына таратып жібергендірін айтуда.


Нұрланғазы Ибраев, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі фармацевтикалық бақылау комитетінің ШҚО бойынша департаменті басшысы:


Меморандумда жалпы ортақ баға көрсетілген. Атырау, Шымкент тағы басқалар. Әр өңір ары қарай бағаны өзі реттей алады.

Прайс қағаздарда көрініп тұрғандай республика бойынша дәрі-дәрімекке көтеріңкі баға қойылған. Шығыс қазақстандық фармацевттер болса бағаны әлі көтермегендіктерін айтуда. Керсінше, әлеуметтік бағамен саудаланатын дәрі-дәрмек санын 219-ға жеткіздік деп отыр.


Маргарита Мейдер, фармацевт:


Біздің дәріханалар бағаларды көтерген жоқ. Әзірге толайым бағамен сатушылар бұрынғыша саудалап жатыр. Тосып отырмыз. Алда қалай болары белгісіз.


Меморандумға сәйкес жоғарыда көрсетілген бағалар бір жылға дейін өзгермеуге тиісті. Яғни дәрі-дәрмек бағасы жыл көлемінде жоғарғы бағамен саудаланады деген сөз.


Қанат ОРАЛБЕК