Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбе облысының тұрғыны құжат бойынша өлілердің қатарына ілініп кеткен

  • AstanaTV
  • 19 ақпан 2014
  • 1021

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының тұрғыны Серікбай Мыңсейітов құжат бойынша өлілердің қатарына ілініп кеткен. Бұл жайында прокурорлық тексеріс барысында анықталған. Ол 2010 жылы тірілердің санатынан сызылып тасталған. 2013 жылы қазан айында оны жол ережесін сақтамады деп астаналық полицейлер үстінен әкімшілік хаттама толтырған.

Прокурорлар оның зейнетақы қорына да ай сайын тиісті төлемдердің түсіп тұрғандығын анықтап отыр. Құзырлы орган өкілдері "өлді" деген анықтамасы бар азаматтың жалақысы да уақытында төленіп тұрғандығын айтты. Пркурорлар мұндай қадамға барудың басты себебі мемлекет қалтасынан заңсыз қаражат алудың бір жолы деп пайымдайды. Әзірге істің мән-жайын анықтау үшін тексеру жұмыстары басталып кетті.


Маратбек Мырзамұратов, Ақтөбе облыстық прокуратура І-басқармасының бастығы:


Жалпы бұл кісілердің неліктен ондай жолға барғандығын, қасақана, қандай оймен барғандығын, қандай пиғылдармен болғандығын анықтау үшін, осы тексеру тағайындап отырмыз. Оның нәтижесінде егер мемлекетке нұқсан келтіріп немесе басқа да адамдарға залал келтіріп, нұқсан келіп отырған болса, тиісті процессуалды шешім қабылданады деп ойлаймыз.


Мансұр ЕСҚОЖИН