Русский Сайттың толық нұсқасы

«Нұр Отан» партиясы Орал қалалық филиалының 12 кезектен тыс конференциясы болып өтті

  • AstanaTV
  • 20 ақпан 2014
  • 2315

Алдағы 7 бесжылдықта әр салада нақты істерді жүзеге асыруға партияның әр мүшесі өз үлесін қосуы тиіс. Өйткені ел дамуының стратегиялық жоспары болып саналар Жолдау жаңа міндеттер жүктеп отыр. «Нұр Отан» партиясы Орал қалалық филиалының 12 кезектен тыс конференциясында бас қосқан жетекші саяси ұйым өкілдері осындай тоқтамға келді.

Бүгінде Орал қаласы бойынша 101 бастауыш партия ұйымы жұмыс істейді, 6 мыңнан астам мүшесі бар. Облыс орталығы Оралдың экономикалық дамуы мен халықтың тұрмысының жақсаруына бағытталған істердің басы-қасында жүру партия мүшелеріне жүктелген жауапкершілік десті сөз алғандар.

Кезектен тыс конференцияда қалалық партия ұйымының саяси бюросы құрамына өзгерістер енгізіліп, облыстық партия конференциясына делегаттар сайланды. №1-сайлау округі бойынша қалалық мәслихат депутаттығына үміткер ретінде Аққали Әубәкеровтің кандидатурасы ұсынылды.


Еркін ҚАРИН