Русский Сайттың толық нұсқасы

Банктердің банкроттығы туралы қауесет таратқан заңгерлер болып шықты

  • AstanaTV
  • 20 ақпан 2014
  • 924

Банктерді зар қақтырған - заңгерлер болып шықты! Бас прокуратура "Центр кредит", "Каспий" және "Альянс" банктердің банкроттығы туралы қауесет таратқан адамдардың кім екендігін анықтады. Олар отандық банктердің бірінің заңгері және алматылық заң компанияларының бірінің қызметкері болып шықты. Бас прокуратура ресми өкілінің айтуынша, олар "банктердің ауыр халі" туралы жалған мазмұндағы смс хабарларды жолдағандарын мойындаған. {+СНХ}


Нұрдәулет Сүйіндіков, ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі:


Аталған тұлғалар мойындау жауаптарын беріп, тиісті әрекеттерді жасаудың мән-жайлары туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Олардың арасында алматылық заң компанияларының бірінің қызметкерлері және банк заңгері бар. Істің нақты мән-жайларына қарай әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы мәселе шешілетін болады.


Анықталған заңгерлердің бірі қай банктің өкілі екені айтылмайды. Еске салайық, кеше бас прокуратура банктердің банкрот алдындағы жағдайы туралы жалған ақпарат таратқан адамдардың анықталатынын мәлімдеген-ді. Хабарлама авторларының аты-жөндері қысқа мерзімде анықталды деуге болады. Жұртшылықты дүрбелеңге салған ақпарат апта басында тарап, салымшылар "Центр кредит", "Каспий" және "Алянс" банктерінің алдында ұзын-сонар кезекке тұрып, қаржыларын шешіп алған болатын. {


Жұрағат БАМАН