Русский Сайттың толық нұсқасы

Елбасы Израиль экс-премьер-министрін қабылдады

  • AstanaTV
  • 20 ақпан 2014
  • 800

Израиль Қазақстанмен экономикалық қарым-қатынас аясын кеңейтуге әзір. Бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескен Израиль экс-премьер-министрі Эхуд Барак осылай деді. Ол екі тарап арасында денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, индустриялық-инновациялық даму салаларындағы ынтымақтастық үшін перспектива барын атап өттті.

Өз кезегінде Нұрсұлтан Назарбаев Израильмен арадағы серіктестік үнемі жоғары деңгейде екенін айтып, Қазақстан ықпалдастықты одан әрі нығайтуға әрдайым дайын екенін жеткізді. 


Эхуд Барак, Израиль экс-премьер-министрі:


Бүгінгі кездесу барысында біз Нұрсұлтан Назарбаевпен екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту жайын сөз еттік. Бұл екі ел халқы үшін өте тиімді деп санаймын.


Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА